Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

"АҚЫЛДЫ АЯЛДАМАДАҒЫ" ШАҒЫН КІТАПХАНА

21 декабря 2015 - Касенова Марал

 Қазір жастардың көбі кітап оқығаннан гөрі бос уақытын әлеуметтік желілерде өткізгенді құп көреді. Осы мәселені ескере келе С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы "Көше кітапханалары" атты қанатқақты жобаны қолға алып отыр.
Түрлі жанрдағы әдеби кітаптар сөресі Мир көшесіндегі "Ақылды аялдама" павильонының ішіне орналастырылған. Осылайша кітапхана қызметкерлері тұрғындардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтарын арттыруды көздейді.

Осындай игі бастаманы қолға алып отырмыз. Мұндай көше кітапханалары әлемнің өзге елдерінде бұрыннан бар. Бізде мұндай жоба алғаш рет қолға алынды. Жоба облыс тұрғындарының арасында кең қолдауға ие болады деген ойдамыз. Егер бастама сәтті іске асып жатса, басқа "ақылды аялдамаларды" да осы мақсатқа пайдаланбақпыз, - дейді С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері Қайыржан Мәлікова.

Әзірге оқырмандарға бір мыңға жуық кітап ұсынылып отыр. Енді аялдамада автобус күтіп тұрған жерлестеріміз қалаған туындысын оқи алады. Тіпті, кітап көңілден шығып жатса, өзіңмен бірге ала кетуіне де болады. Тек оны оқып болған соң қайтару қажет.
Көше кітапханасы сағат 8-ден 23-ке дейін жұмыс істейді.

Бақыт Сәдуақасов

Комментарии (0)