|
"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам"
12 апреля 2017 - Касенова Марал
Қазақ поэзиясының көгіне өрмелеп шыққан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылып отыр. Айтулы шараға солтүстік қазақстандық оқырмандар да қатысуда. Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу мақсатында 2007 жылдан бері "Бір ел - бір кітап" акциясы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. "Жыл кітабы - 2017" таңдауы "Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!" деген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсуі тегін емес. Оның артында өскелең ұрпаққа тәлімі мен тағылымы мол мұрасы қалды. Ақынның бірнеше лирикалық өлеңдері, мақалалары мен романдары қазіргі жастарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеудің таптырмас көзі. - "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын кеңінен насихаттауды қолға алдық. Бұл шара бойынша жоспар құрылып, наурыз айынан бері жұмыс жүргізіп жатырмыз. Облыстық кітапхана ұжымы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын тарату мақсатында виртуалдық шолулар, әртүрлі аудиторияға арналған дәрістер, слайдтар мен көрмелер жоспарлап отыр. Ләйла Жанысова, Суретті түсірген Талғат Тәнібаев. "Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам".Жанысова.Л,Тәнібаева.Т, // Солтүстік Қазақстан. – 8 сәуір. - 8 б. – 2017.
Комментарии (0)
|
- Главная
- О библиотеке
- Ресурсы
- Проекты
- Акции
- Библиотеки области
- Дары библиотеке
- Государственные закупки
Copyright 2012-2014 «Северо-казахстанская областная универсальная научная библиотека им. Сабита Муканова» | ||
Адрес: 150000, г. Петропавловск, ул. Конституции Казахстана, 25 Электронная почта: nklib@mail.ru |