Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Қазақ деп соққан жүрегі

8 февраля 2016 - Касенова Марал

 Белгілі жазушы, аудармашы, көсемсөзші, жерлесіміз Герольд Бельгердің өмірден озғанына 7 ақпан күні бір жыл болады. Соған орай С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада "Қазақстанның нағыз патриоты"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Герольд Белыердің нәсілі неміс болса да, жүрегі қазақ деп соққан. Ол саналы ғұмырын қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінің өсіп-өркендеуіне, ел руханиятының қарыштауына арнады. Қазақ тілінің қасиетін, салт-дәстүрінің ерекшелігін тануға бар шығармашылық әлеуетін сарп етті. Содан да болса керек, қазақ халқы оны тіл жанашыры ретінде қадірлейді, қаламынан туған әрбір туындысын құнды дүниеге балайды.

Көрмеге Г. Бельгердің әр жылдарда жарық көрген алпысқа жуық кітабы, сондай-ақ, оның ізденіске толы шығармашылығы, өнегемен өрілген өмірі жайлы ой тербеген қаламгерлердің еңбектері, белгілі журналистердің сұхбаттары қойылды.


Нұргүл Оқашева, "Солтүстік Қазақстан".
Суретті түсірген Амангелді Бекмұратов.

Комментарии (0)