|
Өркениет өзегі
11 августа 2016 - Касенова Марал
25 жылдың аясындағы істерімізге көз жіберсем, маңызды да үлкен белестерден өткенімізді байқаймын. 1997 жылдан кітапхананы компьютерлермен тегіс қамтамасыз ету қолға алынды. Мұның бастапқы кезеңінде әдебиеттермен толықтыруға, оларды оңтайлы жүйелеуге және каталогтар жасауға, сондай-ақ, ақпараттық-библиографиялық және әкімшілік бөлімдерінде автоматтандырылған жұмыс орындарын құруға қолымыз жетті. • Сәбит Мұқанов кітапханасы - өңірдің 316 оқырмандар отауының әдістеме орталығы. • Ол салалық съездерге, республикалық және халықаралық конференциялар мен семинарларға ұдайы қатысады. • 2009 жылы кітапханада Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған "Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған!" атты республикалық конференция болып өтті. • 2014 жылы Жезқазғанда өткен "Ұлытау - ұлы мекенім" Халықаралық кітапханалар форумынан мұқановтықтар олжалы оралды. • Ресейдің және республикамыздың мерзімді баспасөздерінде кітапхана мамандарының 30-дан аса ғылыми-танымдық мақаласы жарияланды.
2000 жылдың "Мәдениетті қолдау жылы" болып белгіленгені аян. Соның аясында өңірімізде 97 кітапхана шаңырақ көтеріп, олардың қорлары молайды, ағымдағы жұмыстарын автоматтандыруға қол жеткізілді. Біз осы кітапханалардың жұмысын үйлестіруші болып отырмыз. [ Сол жылдың басынан біз есімін алып отырған ұлы жерлесіміз, жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына бір ғасыр толуына арнап "Сәбит Мұқановтың есімі — облыс шежіресінде" атты акция жарияладық. Ондағы көздегеніміз 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында аталып отырған оқиғаны пайдаланып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына байланысты материалдарды толыққанды жинап алу болатын. Ал осы жылдың маусым айында Қазақстанда мәдениетке қолдау көрсетуге арналған "Қамқор" акциясы өтіп, оның аясында оқырмандар ордаларына пайдалы "Кітап сыйла" шарасы ұйымдастырылды да, біздің кітапханаға 3,5 мыңнан астам кітап тарту етілді. 2002 жылы ашылған "Қоғамдық үн қатысу" аталған баспасөз орталығына "Еуразия" қоры, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі қолдау көрсетті. Ол әртүрлі қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық, құқықтық және консультациялық кеңесалуына мүмкіндік жасады. Бұдан кейінгі жылдар кітапхананың жұмысын жақсартып, оқырмандар қатарының көбеюіне, алуан тақырыптардағы басқосулар мен 2004 жылғы мамыр айында АҚШ елшілігінің гранттарын иеленіп, "Америка кітапханалары" аталған үш күндік бағдарлама бойынша осы елге жолдама берілді. Келесі жылдың 28-30 мамырында кітапханада "Америка мүйісі" ашылды. Осы оқиғаға орай мұнда АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Джон Ордвей болып қайтты. Ал 26-27 қазанда Петропавл қаласы "Қазақстанның кітапхана ордасы" деп танылып, осында оқырмандармен электронды жұмыс бағытындағы Халықаралық конференция өтті. Уақыт өзгерген сайын кітапхана да заман талаптарына орай халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, бірнеше пайдалы да ықпалды жұмыстардың орталығына айналды. Бүгінгі таңда Сәбит Мұқанов атындағы кітапхана облысымыздағы ірі гуманитарлық мекеме болып табылады. Оның жұмысының қоғамдық мақсаты - жан-жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру, оның зияткерлік дамуына жағдайлар жасау, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру, өңірімізде экономиканың, ғылымның, мәдениеттің өрлеуі үшін ақпараттық жәрдем жасау, жеке тұлғаның рухани құндылықтарды бойына дарытуына, сол үшін ақпараттар алуына қызмет ету. Қорымызда 500 мың данадан астам кітап, журнал, газет, таспа, аудио және бейнекассета, нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттардың жинағы бар. Жыл сайын 15 мыңданаға тарта құжат алынады. Біздің мекемеміз түрлі 19 халықаралық қордың гранттарын иеленіп, мұның өзі кітапхананың ақпараттық қызметін күшейтуге, оның ең беделді және адамдар жиі келетін ғылыми, мәдени таным орталығына айналуына мүмкіндік жасады. Бізде он бір құрылым бар және 360 орындық оқырмандар залдары келушілерге қызмет көрсетеді. 200 орынға шақталған мәжіліс залында түрлі деңгейлердегі маңызды іс-шаралар өткізіліп тұрады. "Шекаралар жүздесуі" аталатын Қазақстан-Ресей жобасының аясында құрылған "Электронды кітапхана" жұмыс істейді. Бұл бөлімде сирек кездесетін өлкетану бағытындағы материалдар, электронды компакт-дискілер, мұрағат деректері жинақталған. Оларда Омбы, Томск, Қорған, Кемерово облыстық кітапханаларының қорларынан алынған материалдар сақтаулы. "Электронды кітапхананың" өрісін кеңейте отырып, "Кітап мұралары" жобасын жасадық. Оның мақсаты - тек кітапхананың ғана емес, інтымақтастық байланыс орнатылған мұрағатардың, мұражайлардың да қорларын кәдеге асыру. 2013 жылы бөлімнің құрылғанына 10 жыл олып, оның жұмысына ТМД елдері Парламентаралық ассамблеясының кеңесі жоғары баға берді. Соған орай кітапхана Қазақстанда бірінші болып "Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін" белгісін иеленді. Әрине, мұндай жан-жақты қамтылатын үлкен жұмыстарды лайықты техникалық жарақандырылусыз жүзеге асыру мүмкін емес. Осыған орай қазір біздің қызметкерлеріміз жұмыс барысында 90 компьютерді, 6 ноутбукті, "Анроид" жүйесінің 12 планшетін пайдаланады.Келушілерге 25 компьютермен жұмыс істеуге рұқсат берілген. Екі интернет орталығының әрқайсысы 10 жұмыс орнына арналған. Олар жылдамдығы жоғары интернетке қосылды. Бұларды еркін пайдалануға мүмкіндік жасалғандықтан, келушілер қатары қалың. Осындай ауқымды техникалық әлеуетті пайдалана отырып, кітапхана қызметкерлері жеке ақпараттық қорымызды құрды. Оларда 700 мыңнан аса мәлімет қамтылған және де ауқымды бөлігі онлайн режімінде жұмыс істейді. 2013 жылы жыл сайын ұйымдастырылатын "Бір ел - бір кітап" атты халықаралық конкурс Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналып еді. Кітапханамыз осы сайыста үшінші орын иеленді. 2015 жылдан бастап "Көше кітапханасы" жобасын қолға алып, жүзеге асырдық. Соның барысында кітапхана алдындағы мүйіске кітаптар, мерзімді баспасөз, оқулықтар орналастырылып, игілігін оқырмандар көріп жүргені біздің бастамамыздың көздеген мақсатқа жеткенін көрсетті. "Ақылды аялдама" атты орындарда екі қоғамдық кітапхана ұйымдастырдық. Осы жылы "Кітапханада өткен түн" атты шарамызға қатысқандардың көптігі күткенімізден де асып түсті. Оған жастары әрқилы 1,5 мыңнан астам оқырман жиналды. Аталған жұмыстар біздің қызметкерлеріміздің біліктілігінің, іскерлігінің арқасында жүзеге асырылғанын айтуға тиіспін. Осындай қабілеттеріміз назардан тыс қалмағаны біздің жігерімізді жани туседі. Атап айтқанда, өзім әр жылдарда Лондонда, Сингапурде, Лионда (Франция), Австрияда өткен халықаралық жиындарға қатысуымның нәтижесінде үлкен де баға жеткісіз тәжірибе жинақтап, оқырмандар-мен жұмыстың оңтайлы әдістеріне қанығып қайттым. Сондай-ақ, қызметкерлеріміз, атап айтқанда, Л.Самсонова Омбының өңірлік инновациялық орталығында, Ю.Пискунова Санкт-Петербургте сала қызметкерлерінің басқосуында білімін жетілдірді. Жоғарыда айтып өткенімдей, Тәуелсіздік жылдарындағы ең зор жетістігіміз - 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл кітапханалары қатысқан конкурста кезең-кезеңдердің барлығынан сүрінбей өтіп, бас жүлде 1 миллион теңгенің сертификатын жеңіп алғанымыз. Бұл жетістікті місе тұтпай, әлі де үздік әрі маңызды әмбебап-ғылыми орталық атағын абыроймен алып жүруге дайынбыз. Бейбіткүл Әбілмәжінова, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың директоры.
Комментарии (0)
|
- Главная
- О библиотеке
- Ресурсы
- Проекты
- Акции
- Библиотеки области
- Дары библиотеке
- Государственные закупки
Copyright 2012-2014 «Северо-казахстанская областная универсальная научная библиотека им. Сабита Муканова» | ||
Адрес: 150000, г. Петропавловск, ул. Конституции Казахстана, 25 Электронная почта: nklib@mail.ru |