Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

«Тәуелсіздік туы желбіре!» атты ақпараттық сағат

11 марта 2016 - Касенова Марал

2016 жылдың 11 наурызы күні С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы желбіре!» атты ақпараттық сағат өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сағатқа мектеп оқушылары, колледж студенттері, ұстаздар қатысты.
Ақпараттық сағатты С.Мұқанов атындағы ОӘҒК- ның қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің кітапханашысы Марал Гүлзада жүргізді.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.
Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу дегеніміз – ешкімге бағынышты болмай, өз еркімен өмір сүру деген сөз.
Елімізде 16 - желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі болып есептелінеді.
Қазақстан 1991 жылы 16 - желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып дербес мемлекет болды.Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Қазақ халқы тәуелсіздік алғанға дейін отаршылдықтың бұғауынан арыла алмады, өзін емін еркін сезінген жоқ. Сондықтан, қазіргі тәуелсіздігіміз – ата – бабаларымыздың ежелден аңсаған арман – мұраты. Осы тұрғыдан келгенде Мемлекеттік рәміздерде еліміздің құндылықтары, көпғасырлық тарихы, ұлттық ерекшелігіміз көрініс тапты.
Қыран ұшса қанаты талатын, құлан жортса тұяғы тозатын шетсіз – шексіз байтақ өлкемізге тәуелсіздік өздігінен келген жоқ. Біздің халықтың әулеті асып, дәулеті тасыған дәурені бар, басынан бағы тайып, тар заманға тап болған қилы кезеңі де көп. Сол сияқты «Мың өліп, мың тірілген» халқымызға армандаған азаттық таңы талықсытып барып жетті, бұл жолда талай қан төгіліп, жас боздақтар қыршынынан қиылып, шейіт кетті. Басқасын айтпаған күннің өзінде, Елбасымыз әділ бағасын берген Желтоқсан көтерілісінің Кеңес Одағының іргесін шайқалтып, тәуелсіздік күнін жақындата түскенін бүгінде баршамыз білеміз.
М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің 2 курс студенттері – Қуанышова Аңсаған Марал Зейнел – Ғабиқызының «Тәуелсіздікке арналған салтанатқа» өлеңін , Ғаббасова Ақмарал «Тәуелсіздік күніне» атты өлеңін оқып берді.
 

Шара барысында Тәуелсіздік туралы бейнеролик көрсетілді.

 

Комментарии (0)