Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

90-ШЫ ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫ ЕДІ...

1 октября 2015 - Садыкова А.

  Петропавлдағы Әскери институтта запастағы полковник Манас Мағұловтың "Тревожное лето 1990 года. Записки офицера" атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Оқуға жеңіл қалың оқырманға түсінікті әрі әсерлі етіп жазған кітабында автор 1990 жылдарда орын алған, қырғыз және өзбек халықтарының арасында қақтығыс туғызған, бейбіт тұрғындарды қайғы-қасіретке ұшыратқан Ош оқиғасын еске түсіреді.

Қилы кезеңнің әрбір минутын офицердің көзқарасымен, жан күйзелісімен баяндайды. Кітапты толық оқып шыққан әрбір адам ұлтаралық келісім, тыныштық пен татулық орнаған қоғамда ғана игі бастамалардың, жағымды жаңалықтардың жүзеге асырылатындығын айтады, бейбітшіліктің әлемдегі әрбір мемлекеттің баға жетпес байлығы екендігін жеткізеді.

Шара барысында автор жиналғандарды қаламынан туған төл туындысының мазмұнымен таныстырып, шынайы жүрек сезімінен туған кітап екендігін баса айтты.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының, сондай-ақ, "Легион" әскери патриоттық клубының өкілдері кітаптың әрбір қазақстандықты, әсіресе, жас буынды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқаратындығын айтты.

(Өз тілшіміз).


// Солтүстік Қазақстан . – 2015 . – 1 қазан . – 16 бет .

Комментарии (0)