Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Асылдың сыңығы

 Жыл мәреге таялып, жаңа он eкi ай бастау алардан бұрын кітапхана қызметкерлері, әдеттегідей, кунтізбе жасау қамымен назар аударуға лайық; оқиғаларды, белгілі тұлғалардың ғумырына қатысты даталарды жинақтайды. Соған орай біз 2016 жылдың кунтізбесін жасадық. Осы сәте eciмi eлiмiзre таңылған ғалым, биология ғылымдарыньң докторы CepiK Жұамағалиұлы "Тілеулиннің каңтардың алтыншы жұлдызында дүиеге келін, биыл туғанына тоқ;сан жыл толатынын аңғардық.

Cepiк Жұмағалиұлы 1926 жылдьң каңтар айының алтысы құні Петропавл қаласында туған. Ол - қазақтың көрнектi зиялысы, "Алашорданың" қайраткері, сталиндік кугынсүгіннің кұрбаны Жумағали Тілеулиннің кенже ұлы. Әкесі 1917 жылдан-ақ, большевиктердің кырына келіп, тутқындалғанда CepiK он бip жасар бала eдi. Сол бip киынқыстау күндерден-ақ; жас бала Жұмағали Тілеулиннің абактыға бip қамылып, бip босатылған кездеріне үлкен зардап шекті  Ақыры, Алаш қайраткері, дәрігер, әдебиет зерттеyші, тілші-қаламгер 1938 жылы Алматыда "халық жауы" деген жаламен атылғаннан кейін оның отбасы, соның ішінде Серік Жумағалиұлы осы зәрлі жаланың  азабын тартты.

Бұл туралы өлкетанушы Қайролла Мұқанов 2005 жылы Алматының «Жібек жолы» баспасынан шыққан «Апашорда қайраткері Жумагали Тілеулин» деген зерттеу еңбегінде жазды. Осы еңбекте баяндалғандай, Ж. Tiлеулин Көкшетау облысы, Рузаев ауданындағы Шұкыркел ауылында туған. Tiлеулі Абылай ханның  батырларының  бipi Айтбайдың Heмepeci  екен.

Оның бес ұлының кенжесі - Жумағали. Ол 1913 жылы Омбының әскери-медициналық училищесін тамамдаған. Кезінде Мағжан Жумабаевпен, Ахмет Байтұрсыновпен, Міржақып Дулатовпен және Әбікей Сәтбаев- пен (Қаныш Имантайұлының  ағасы - Ю. П.) дос-жар, үзеңгі жолдас, пікірлес  болған.

CepiK Жұмағалиұлының анасы Райхан жұбайының ақталған күнңне жете алмай, 1955 жылы әмірден озған.

Осындай қиын жагдайда 6iлiM алып, тарыншылық, пен кудалаудың зардабын шеккен CepiкK Жұмағалиұлы ¥лы Отан соғысына қатысып, 1950 жылы Алматының медицина институтын тамамдайды.

Одан соң жеті жыл Алматыда дәріrepлiк қызмет атқарады. Бұдан кейін оның қызмет жолы Гурьевтің туберкулезге қарсы диспансерінде жалғасады. Артынан Апматыға оралып, Кқазақ КСР Денсаулық сақтау министрлінің елкелік патология институтында меди­цина саласындағы-зерттеу мәселелерімен айналысады.

Осында үлкен тәжірибе жинақтап, зерттеулердің нәтижесінде мамандықтың сырына қызметке С.Тітеулин Қазак КСР Ғылым академиясының физиология институтына қызметке қабылданып, осында ней­рофизиология бойынша кандидаттық; дис­сертация қорғағаннан кейін, осы саладағы зерттеулерін одан әpi жетілдіріп, 1987 жылы ғылым докторы атағын алады.

1966-1996 жылдар аралыгғнда Денсау­лық сақтау министрлігің нейрофизиология институтының осы сала бойынша лабораториясына басшылық  етеді

Нейрофизиология саласы бойынша К,азақстандағы саусақпен санарлық ғалымдардың бipi осы Cepiк Тілеулин болғанын меди­цина ғылымының мамандары жазып жур. Ғалымның осы жетіст1ктер1не ол зерттеп жазган 150-ден астам гғлыми еңбегі, соның ішінде бipнеше монографиялары делел бола алады.

Ғалым жерлесіміздің "Дәнi сау адамдардьың миының электрлік белсендтілігінің турақтылыгы", "Tepiнің температуралық, сезімталдығның жұынмең байланысты Teтіктері" деген негізгі еңбеқтері көптеген елдердің нейрофизиологтарына белгілі

С. "Тілеулин - 16 авторлық, куәлік  иеci. Оның жетекшілігімен он кадидат, үш доктор ғылыми  дәрежеге қол жеткізді. Осындай жетicтiктерінің арқасында жерлеасіміз Халықаралық  ми  қ,ызметін зерттеу ұйымының  мушелігіне қабылданған.

Cepiк Тілеулиннің  урпактары да оның жолын жалғастыруда.  Атап айтқанда, ұлы Данияр жоғары техникалық білімді меңгеріп, бағдарламашы болып еңбек етсе, немересі  EpiK Даниярұлы да ғылыммен айналысады.

Қ,азақтың зиялы азаматы, қоғам қайраткері    Жұмағали Тілеулиннің  iзiн ұлы CepiK жалғстырып, кейінгі  ұрпақтарына ата жолын аманат eтin кeттi.

 

Юлия ПИСКУНОВА, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың бөлім меңгерушісі.

//Солтүстік Қазақстан,-2016,-. Қаңтар,-б,7.

Комментарии (0)