Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

АТА ЗАҢҒА АРНАЛДЫ


     "Дөңгелек үстелге" жиналғандар ұлттық рухымыздың адастырмас темірқазығына айналған айбынды Ата Заңымыздың маңыздылығын айтып, оның әрбір адам өміріндегі алар орны ерекше екеніне тоқталды. Кезегімен сөз алған әр сала өкілдері баға жетпес құнды құжаттың еліміздегі саяси, экономикалық, әлеуметтік жетістіктердің жаңа белесіне құқықтық негіз болатынын айтты. Сондай-ақ, жиынға қатысқандар өркениетті елдермен тереземізді тең еткен Конститутцияны құрметтеп, қадір тұтып, ол бойынша өмір сүру әрбір азаматтың парызы екенін тілге тиек етті.
     Мемлекетіміздің қарышты қадаммен алға басуына құқықтық негіз берген Ата Заңның 20 жылдығына арналған шара соңында осы тақырыпқа арналған көрме өтті.
(Өз тілшіміз).
// Солтүстік Қазақстан.- 2015. – 27 тамыз. – 3 бет
 

Комментарии (0)