|
Нұрлы жол. Жаңа экономикалық саясат
13 ноября 2014 - Садыкова А.
Теледидарға ыждағатпен зер сала отырып, Жолдауды тыңдадым. Әсіресе, Елбасының: "Менің өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда" дей келіп, жаңа Жолдаудың негізгі желісі экономикалық саясат екенін ескертті. Нұрсұлтан Назарбаев осы қалыптасқан күрделі экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы іс-қимылымыздың бағдарларын бағамдап, Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Жаңа экономикалық саясат - болашаққа нық серпін. Осы жаңа Жолдауды тыңдай отырып, біздің өміріміздің барлық салаларында тұрмысымызды одан әрі жақсартуға бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылып жатқанын пайымдадым. Бұлар елімізді дамытудың өмірлік маңызды шаралары болып, барша қазақстандықтарды жұмылдыруға бағытталған. Елбасы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселесін айтқанда алдымен апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешуді атап өтті. Сондай-ақ, жолдар салудың өзі ғана жаңа жұмыс орындарын ашатынын айтты. Шағын және орта бизнес пен іскерлік бизнесті қолдау бойынша жұмыс жалғастырылатынына назарымызды аударды. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілгені көңілден шықты. Индустрияландыру бағдарламасының аясында 10 жоғары оқу орнының анықталғанын айтқан Елбасы осылар арқылы ғылымның экономиканың салаларымен байланысын және мамандарды даярлауды қамтамасыз етуді көздейтінін ұқтырды. Осы 10 жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын қалыптастыру мақсатында 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге қаржы бағыттауды тапсырды. "Нұрлы Жол" Жаңа Экономикалық Саясаты - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз", - деді Елбасы. Бұл мақсатқа Отанын сүйетін, оның гүлденуі мен этностардың мызғымайтын рухани келісімін қастерлейтін Қазақстан Республикасының халқы Елбасы алдымызға қойған мақсаттарды жүзеге асыратынына сенімім зор. Мен - мәдениет саласының қызметкерімін. Жолдауды тұрғындарға алдымен жеткізіп, оны оқып, пайымдауға бұқаралық сипат беру - міндетім. Осы ыңғайда Елбасының аталған жаңа Жолдауындағы: "2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда", -деді Елбасы. Осы қанатты лебіз жан-жүрегіме ұялап қалды. Алдағы уақытта облыстың барлық кітапханаларында Жолдауды жүзеге асыру мақсатында "дөңгелек үстелдер", лекциялар, үнқатысулар ұйымдастыруды ұйғарып отырмыз. Бейбіткүл ӘБІЛМӘЖІНОВА, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры.
Әбілмәжінова Б. Жаңа экономикалық саясат // Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 13 қараша
Комментарии (0)
|
- Главная
- О библиотеке
- Ресурсы
- Проекты
- Акции
- Библиотеки области
- Дары библиотеке
- Государственные закупки
Copyright 2012-2014 «Северо-казахстанская областная универсальная научная библиотека им. Сабита Муканова» | ||
Адрес: 150000, г. Петропавловск, ул. Конституции Казахстана, 25 Электронная почта: nklib@mail.ru |