Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Оқырмандармен кездесті

2 августа 2016 - Садыкова А.

 Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада жергілікті ақын Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспанованың әдеби кеші өтті.

Өлеңмен өрілген кешке ақынның әріптестері, зиялы қауым, облыс орталығындағы мәдениет және білім мекемелерінің өкілдері жиналды.

Марал Зейнел-Ғабиқызының бүгінге дейін бес кітабы жарық көрген "Қоңыр дәптер", "Қызылжарым", "Сырлы сезім", "Жақсының аты өлмейді" деген жыр жинақтарының әрқайсысының өзіндік айтары бар. Кітапқа енгізілген өлеңдер Отан, туған ел елжандылық, ата-анаға деген құрмет, балалық шақ тақырыптарын қамтыған.

Медицина саласында қырық жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Марал Зейнел-Ғабиқызы өлең жазуға да уақыт табады. Ол жүрегіне жиналған мұңды да, қуаныштыда маржандай теріп, ақ қағазға түсіре біледі.

Өлеңді өмірінің өзегіне айналдырған ақынның әдеби кешіне жиналған қалың қауым ақ тілектерін жүректен шыққан жылы сезбен жеткізді.

Әдеби кеште кітап көрмесі ұйымдастырылды. Келген қонақтар Марал Зейнел-Ғабиқызының өлеңдерін оқып, ескінің кезіндей сақталған суреттерді тамашалады.

Жанаргүл МЕЙРАМ


Мейрам Ж. Оқырмандармен кездесті // Қызылжар нұры. - 2016. - 29 шілде. - 8 бет

Комментарии (0)