Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Оқырмандарымен кездесті

19 июля 2016 - Садыкова А.

 Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақың бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы Зейнолла Әкімжанов Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың ұлттық әдебиеттер бөлімінде оқырмандармен кездесті.

Жиында ақынға, оның өлеңдеріне, әдеби зерттеулеріне ықылас білдіріп, игі тілектер арнаушылар көп болды. Атап айтқанда, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зарқын Тайшыбай, осы жоғары оқу орнының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мүсабаева, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері, ақың Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ирина Матвеева, Зейнолла Рамазанұлының ауылдас інісі Жапар Төлегенов, зейнеткер Шери Бәшеев және осы жолдардың авторы жылы лебіздерін арнады.

Жиында жас ақындар Зейнолла Әкімжановтың өлеңдерін оқыса, ақынның өзі де кездесуге қатысушыларға әлі сиясы кеуіп үлгермеген жырларын тарту етті.

Қошан ҚАЛИ,
"Солтүстік Қазақстан".


Қали Қ. Оқырмандарымен кездесті // Солтүстік Қазақстан. - 2016. - 9 шілде. - 8 бет

Комментарии (0)