Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Сөреде — сирек кездесетін кітаптар

5 апреля 2016 - Касенова Марал

 С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада сирек кездесетін кітаптар көрмесі өтті. Көрме сересінен шын мәнінде баға жетпес қазынадай құнды кітаптар қойылыпты. Олардың кебі сонау XVIII ғасырда жарық көрген.Аталмыш кітапхананың анықтама-библиография бөлімінің жетекшісі Юлия Пискунова:

- Көрмеге келушілер назарына 200-ден астам сирек кездесетін туындылар ұсынылды. Ескі еңбектерді қарап отырып, кей деректерге таңғалдық. Сол замандағы жазушылардың, ақындардың шығармаларымен, өлеңдерімен танысып, ерекше әсер алдық,дейді.

Сирек кітаптардың арасынан ислам діні жайлы 15-тен астам туындыны кездестіруге болады. Олардың қатарында 1883 жылы Қазан қаласында басылған Құранда бар.

  Байболат Құлтанов 

// Солтүстік Қазақстан. - 2016 . - 5 сәуір . - 6 б.

Комментарии (0)