Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

ТАМЫРЫ ТЕРЕҢГЕ БОЙЛАҒАН

Оны кітапхана және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырып, қазақ хандығының іргетасы қаланған тарих қойнауына көңіл көзін салдырды.
    Хандықтың құрылғанына 550 жыл толғанымен, мемлекетіміздің тарихының тамыры одан да тереңге бойлайды. Бұған осы жиында баяндама жасаған тарихшы, заңгер ғалымдар назарымызды аударды. Атап айтқанда, заң ғылымдарының кандидаты, университет доценті, Қазақстан халқы Ассамблеясы "Ұрпақ" мәдени-ағарту орталығының төрайымы Гүлбақша Мұсабаева, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Захаров, СҚМУ Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Людмила Гривенная және университет магистранты Ерлан Майтышев хандықтың құрылуын әр қырынан толғаған тартымды әңгімелерімен көпшілікті баурады.
    Басқосудың екінші бөлімінде шағын концерт беріліп, тыңдармандарға оқушылар дайындаған спектакльден көрініс ұсынылды және Петропавл оқу орындарының шәкірттері өз өнерлерін тарту етті.
Ықылас танытқан көпшілік ел тарихы туралы кітаптар көрмесіндегі тың әдебиеттермен танысты.

(Өз тілшіміз).
 

// Солтүстік Қазақстан. - 2015. - № 29. - Б.16

Комментарии (0)