Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Жырлары әлемді шарлаған

29 февраля 2016 - Касенова Марал

 С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ақын Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған "Жыр алыбы" атты әдеби-сазды кеш өтті.Шараға өңіріміздегі жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

XX ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың өз өмірі мен өнерін адамгершілік құндылықтарды насихаттауға, ерлік пен батырлықты жырға қосуға арнады.

Оның туындылары бүгінде елуге тарта халықтың тіліне аударылып, шығармашылығы әлем ғалымдарының зерттеу нысанына айналған.

Әдеби-сазды кеш барысында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында баяндама жасаған М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Жанбай Қадыров оның өз заманының ірі ақындарының бірі болғандығын, шығармалары төрткіл дүниеге тарағанын жеткізді.

Ақындар Зейнолла Әкімжанов пен Болат Қожахметов бүгінгі жас буын өкілдерінің халқымыздың мәдени, рухани мұрасын жіті түсіну үшін, ең алдымен, Абай мен Жамбылдың шығармаларын оқып-үйренуі қажеттігін алға тартты.

Кеш соңында қатысушылар назарына осы шараға орай арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі ұсынылды.

Нұргүл Оқашева, "Солтүстік Қазақстан".


 

Комментарии (0)