Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Тағылымы оның мәңгілік

(Ғабит Мүсіреповтің туғанына 110 жыл)

Сортировка записей:
Тұтқын қыз
Описание: Мүсірепов Ғ.Тұтқын қыз: Повестер және ой-толғамдар. Да- йындаған Ә. Нарымбетов. - Алматы: Балауса, 1993.— 512 бет.
Аннотация:

Қазақ әдебиетінің классигі, академик жазушы, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтің бұл кітабына отызыншы жылдары жазылған, бірақ әр түрлі себептермен баспадан жарық көрмей келген алты повесі мен қойын дәптерлеріндегі ой-толғамдары енгізілді.
Кітап жазушының туғанына 90 жыл толу мерекесіне орай шығарылып отыр.
 

Подробнее...
Повестер
Описание: Мүсірепов Ғ.Көп томдық шығармалар жинағы. 2-том. Повестер /Құраст. Ә. Нарымбетов. — Алматы: Жазушы, 2002. - 264 бет.
Аннотация:

Қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі, көрнекті қаламгер, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтің шығармалар жинағының екінші томына отызыншы жылдары жазылған "Көк үйдегі көршілер", "Өмір ертегісі", "Жайлау жолында" секілді повестері топтастырылды.
Жинақ жазушының туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай шығарылып отыр.

Подробнее...
Ой-сезім сәттері
Описание: Мүсірепов Ғ. Ой-сезім сәттері /Құраст. С. Дәуітұлы. — Алматы: Жалын, 1996. — 144 б.
Аннотация:

Өзінің шырайлы шығармаларымен бәрімізге сөз қадірін ұғындырған Ғабеңнің күнделігіндегі, қойын дәптеріндегі әр тақырыпты қамтыған жазбалары оның текті ойының, көркем тілінің және бір қырын ашқандай. Оның ауыз әдебиеті, қазіргі қазақ әдебиеті, әрқилы тұрмыс көріністері, мінез құлықтар, әйел, махаббат, достық жайындағы еш өңдеусіз, қаз-қалпында түсе қалған ой-сезімдері кімге де болса қызықты, тағылымды болары хақ. 

Подробнее...
Кездеспей кеткен бір бейне
Описание: Мүсрепов Ғабит. Кездеспей кеткен бір бейне: Повесть және әң- гімелер. — Алматы: Жазушы, 1987.—160 бет, портр.
Аннотация:

Ғабит Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» атты бұл жинағына кара сөзбен жазылған поэмасы мен әңгімелері еніп отыр. 

Подробнее...
Көркем сөздің  зергері
Описание: Көркем сөздің зергері: Ғабит Мүсіреповтің туғанына 100 жыл (Өмірдерегі мен шығармаларының анықтамасы) /Құраст. Ғ.Қадірәліұлы, Қ.Мұқанов, С.Жұмабаев. – Петропавл,2002. – 160 бет.
Подробнее...
Өмір жорығы
Описание: Мүсірепов Ғ. Өмір жорығы.- Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 2004. - 256 бет.
Аннотация:

 Қазақ әдебиетінің классигі, академик жазушы Ғабит Мүсіреповтің бұл жинағына ертеректе жазылған «Қос шалқар», «Жеңілген Есрафил», «Жапон балладасы» сынды әңгімелері берілді.

Подробнее...
Әңгімелер
Описание: Мүсірепов Ғ. Көп томдық шығармалар жинағы. І-том. Әңгімелер /Құраст.: Ә. Нарымбетов, — Алматы: Жазушы, 2002. — 288 бет.
Аннотация:

Қазақ әдебиетінің классигі, академик жазушы Ғабит Мүсіреповтің шығармалар жинағының бірінші томына ертеректе жазылған «Қос шалқар», «Жеңілген Есрафил», «Жапон балладасы» сынды әңгімелері берілді.
Жинақ қаламгердің туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай шығарылып отыр.

Подробнее...
Ұлпан: Роман
Описание: Мүсірепов Ғ. Көп томдық шығармалар жинағы. 3-том: Ұлпан: Роман /Құраст. Ә.Нарымбетов. - Алматы: Жазушы, 2003. – 248 бет.
Аннотация:

Қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі, көрнекті қаламгер, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтің шығармалар жинағының үшінші томына «Ұлпан» романы еніп отыр. 

Подробнее...
Ұлпан
Описание: Мүсірепов Ғ. Ұлпан. Роман.— Алматы: Атамұра, 2003.— 264 бет.
Аннотация:

Заманымыздың аса көрнекті жазушысы Ғ. Мүсіреповтің бұл романында ескі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа қарсы шығып, ел басқару дәрежесіне дейін көтерілген қазақ әйелінің тағдыры шынайы суреттелген.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
 

Подробнее...
Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу
Описание: Нұрғали Рымғали. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. -Астана, "Күлтегін" баспасы, 2002. - 528 бет.
Аннотация:

ҚРҰҒА корреспондент-мүшесі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғылымға еңбегі сіңген кайраткер, жоғары мектептің үздік қызметкері, филология ғылымдарының докторы. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Рымғали Нүрғалидың бұл кітабында XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің Ахмет, Әлихан, Мағжан, Міржақып, Мұхтар, Сәкен, Ілияс, Сәбит, Ғабит сынды алып тұлғаларының шығармашылық тағдыры ұлттық рухтың бейнелену деңгейі тұрғысынан жаңаша зерттелген. 

Подробнее...
Ғабит Мүсірепов туралы тоғыз толғам
Описание: Ысмағұлов Ж. Ғабит Мүсірепов туралы тоғыз толғам. - Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі". - 2002. - 208 бет.
Аннотация:

Кітапқа қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің шығармашьшық мұрасы, атап айтқаңда, проза, драматургия саласындағы кесек туындылары туралы автордың әр жылдары жазылған әдеби-публицистикалық толғамдары енгізілді. Олардың кейбір тұстары қаламгердің жүз жылдық мерейтойына орайластыра және тарихи жаңа дөуір тұрғысынан ішінара қайта қаралып толықтырылды.
Кітап Ғ. Мүсірепов талантына тәнті қалың оқырман қауымға арналады.
 

Подробнее...
Ғабит Мүсірепов туралы естеліктер
Описание: Ғабит Мүсірепов туралы естеліктер. 2-бас. / Құраст. С.Оразалы .— Алматы: "Білім", 2007. — 416 бет.
Аннотация:

Өмірімен де, еңбегімен де туған халқының ілтипатына бөленіп, оның сүйіктісіне айналатьн ұлдары болады. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин осындай ұлы тұлғалар болды.
Олардың жазушылық өнерін қазақ халқы ғана емес, бүкіл әлем мойындап, шығармалары көптеген шет тілдерде басылды.
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің абыройын асырьш, мәртебесін биіктеткен классиктердің бірі, көркем сөздің ұстасы, тапқырлық пен шешендіктің нұсқасы, дарқан дарын, академик-жазушы, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов.
Кітапта ұлы сөз зергері, халқымыздың альштар тобындағы ақиық- тарыньң бірі - Ғабит Мүсірепов туралы ұлы тұлғалардың, ақын-жазу- шылардың, сыншылардың, ғалымдардың, тума-туыстарының жылы лебізді естеліктері берілген.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
 

Подробнее...
Ғабит Мүсірепов
Описание: Жұмабеков С. Ғабит Мүсірепов. — Алматы: Мектеп, 1989. — 120 бет.
Аннотация:

Кітапшада қазақ совет әдебиетінің классиктерінің бірі —Ғабит Мүсіреповтің жазушылық қызметінің қыр-сыры, творчестволық лабораториясының басты ерекшеліктері әңгімеленеді. Автор сондай-ақ Мүсіреповтің бірқатар шығармаларына талдау жасай отырып, жазушының өмірлік позициясы мен эстетикалық көзқарастарына тоқталады.
Кітапша жоғары класс оқушыларына, мұғалімдерге, сондай-ақ әдебиетті сүйетін көпшілікке арналады.
 

Подробнее...