Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация
Елтаным
  • Автор записи: Маликова Марина Васильевна
  • Описание: Шаймерденов Е.Ш. Елтаным. - Алматы: «Экономика», 2005. - 304 бет.
  • Аннотация:

    Ел - ұлттық дүниетанымымыздағы ұлы ұғымдардың бірі. Арғықазақ сөзінен бастап күні бүгінге шейін еш өзгеріссіз қауым, қағанат, ел-жұрт, отан, мемлекет мағынасында қолданылып келеді. Елдік мінез, елдік дәстүр, елдік мұрат, елдік намыс, елжандылық, отаншылдық тәрізді рухани құндылықтардың өзегі де - осы сөз, осы ұғым.
    Кітап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы жан-жақты ғылыми-көркем пайымдау арқылы замандастарымыздың бойында мемлекеттік мұраттарға адалдық, елдік аңсарларға сүйіспеншілік және отаншылдық сезімдерін оятуға бағытталған. Тілі - шұрайлы, ділі - таза, діңі - мықты. Елдігімізге қатысты кең мағлұмат беретін терең интеллектуалдық еңбек деп бағалауға лайық туынды. Жүрек қайнарында суғарылған сезім сөзі ретінде ажарлы һәм әсерлі.

    Ойды қозғап, сезімге сәуле түсіретін рәмізбаян студенттер мен оқушыларға, педагогтарға, саясаттанушыларға, вексилологтар мен геральдистерге, жүрегі елім деп соққан барша оқырман қауымға арналады.
     

Рейтинг: 5 Голосов: 1 Ваша оценка:
Комментарии (0)