Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация
Қорғансыздың күні
  • Автор записи: Шингурова Мария Ростиславовна
  • Описание: Әуезов, М. Қорғансыздың күні: әңгімелер мен повестер / М. Әуезов. – Алматы: Атамұра, 2002. – 432 бет. – ISBN 9965-05-657-9
  • Аннотация:

    Жинаққа классик жазушы, қазақтың көркемсөззергері, 20-ғасырда зор қоғамдық құбылысқа айналған біртуар қайраткер Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 30-жылдары жарық көрген әңгімелері мен повестері топтастырылды. Бұл шығармаларда адамзат пен қоғам тіршілігіндегі көкейкесті мәселелер көтерілген. Әңгімелерінде қазақ әйелінің аянышты ауыр халін, қорлық пен күндікте өткен қара түнек өмірін, шеккен жәбір-жапасын, қорғаны жоқ қарапайым адамдардың, жетім баланың тағдыр-тіршілігін шынайы суреттеген. Сондай-ақ қалаға келіп, мәдениетке үйрене бастаған қазақ жастарының өміріне ене бастаған жаңалықтар мен өзгерістерді, мораль мәселелерін әңгіме етеді. Ал «Көксерек» әңгімесінде асыранды, қанішер жыртқыштың тағылық қалпыншебер баяндаған. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі нақты тарихи шындыққа құрылып, қыр қазағы Рысқұл Жылқайдаровтың басынан кешкендерін шығармаға арқау еткен. Солдатқа адам бермей, бұлқынып көтеріліске шығып, патша өкіметінің қарулы қаһарына ұшырап, оққа ұшып, абақтыға түсіп, атылып-асылып, дүние-мүлкі талауға түскен бір қауым елдің тағдырын «Қилы заман» повесінде бейнелеп берді. Жазушы бұл туындыларында табиғат көркін, оның әсемдігін асқан шеберлікпен, зор шабытпен жеткізген.
       Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Рейтинг: 0 Голосов: 0 Ваша оценка:
Комментарии (0)