Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация
Астана
  • Автор записи: Шингурова Мария Ростиславовна
  • Описание: Астана: энциклопедия / бас ред., ғылыми-ред. кеңес төрағасы И.Н. Тасмағамбетов. – Алматы: «Атамұра», 2008. – 576 бет. – ISBN 9965-34-855-3
  • Аннотация:

    «Астана» энциклопедиясы биылғы жылы халқымыз он жылдығын кеңінен атап өткен Қазақстан Республикасы жаңа астанасының тарихы жөнінде баяндайды. Бұл он жыл бір кездегі қарапайым облыс орталығын адам танымастай өзгертті. Әріне қала бұрын да Есіл өңіріндегі Ақмола облысы мен республика өмірінде мағызды орын алған болатын. Астананың Алматыдан Акмолаға (қазіргі Астана) көшірілуі шетелдіктер мен республиканың барлық тұрғындары аса қызығушылықпен бақылаған қаланың «ғажайып» қайта гүлденуіне шешуші ықпалетті. Бүгінде қазақстандықтар әлемдегі архитектура мен қала құрылысы саласындағы ең үздік жетістіктерді қамтыған өзінің астанасын мақтан тұтады.
       «Астана» энциклопедиясының оқырмандары республика астанасының тарихы, экономикасы, тұрғындарының құрамы, мәдениеті, білімі, ғылымымен танысып, жақын мандағы географиялық орындары, табиғаты мен табиғи ресурстары, архитектуралық кешендері, тарихи және мәдени ескерткіштері жөнінде біле алады. Энциклопедияда Астана (Ақмола, Целиноград) тарихымен тығыз байланысты тарихи тұлғалардың, ғылым, білім, мәдениет, өнер, медицина саласы қайраткерлерінің өмірі мен қызметі жөнінде көптеген жеке мақалалар берілген. Біздің басты байлығымыз адамдар ғой. Өкінішке орай, басылым көлемі шектеулі болғандықтан, қоғамға еңбек сіңірген басқа да танымал адамдар жөнінде мәлімет беруге мүмкіндік болмады. Сіздердің барлық тілектеріңіз бен талаптарыңыз «Астана» энциклопедиясының қайта басылымдарында ескерілетін болады.

Рейтинг: 5 Голосов: 1 Ваша оценка:
Комментарии (0)