Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

"Астана - бейбітшілік пен жасампаздық астанасы"

 Кітапхана мереке қарсаңында кеш өткізіп, онда оқырмандарына «Астана- Еуразия жүрегі» атты фильм көрсетті. Содан кейін көрме салтанатты түрде ашылды. Онда елорданың қалыптасу кезеңі, бүгінгі жетістіктері туралы және әлем өкілдерінің пікірлері топтастырылған әдебиеттер орын тепкен. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде», астана қаласының бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбековтің «Астана осылай басталған», Ербол Шаймерденовтің «Әз Астана» атты туындылары – барлығы 200-ге жуық кітап-журналдар бар. «Бәйтерек» және «Астана плюс» журналдары елорданың көрікті жерлерін суреттейтін суреттерге толы. Астана туралы энциклопедия оқырмандардың ықыласын тудырды. Мұнда бас қала туралы көптеген мәліметтер бар.


Астана - бейбітшілік пен жасампаздық астанасы // Солтүстік Қазақстан. - 2012. - 10 шілде. - Б.2

Комментарии (0)