Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

«Біржан сал – қазақ ән-жырының шамшырағы» атты әдеби-музыкалық кеш

25 декабря 2014 -

2014 жылдың 24 желтоқсаны күні С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада  атақты әнші, ақын, сазгер  Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 180 жыл толуына арналған «Біржан сал – қазақ ән-жырының шамшырағы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шараға Петропавл қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, мектеп оқушылары мен мұғалімдері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кең-байтақ қазақ жерін әсем әнімен тербеп, артына өшпес мұра қалдырған, тағдыры тауқыметке толы біртуар тұлғаның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстырып, жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жиынды қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы Майра Әшімова жүргізді.

Шара барысында сөз алған М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Тіл және әдебиет институты қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жанар

Құлыбекова ұлы тұлғаның өмір белестері мен шығармашылығына тоқталды. Біржанның 1865 жылы Абай Құнанбайұлымен кездесуі оның әр қырынан танылуына әсер еткенін, бүгінде алпысқа жуық әндерінің сақталып, қазақ мәдениетінің қарыштап дамуына сүбелі үлес қосқандығын баса айтты. С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртісі Болат Мамытбеков пен қалалық классикалық гимназияның оқушысы Гүлзат Қосшығұлова

Біржан салдың «Теміртас», «Талай заман» өлеңдерін нақышына келтіріп, оқып берді.

Облыстық филармонияның әншісі Біржан Есжанов «Жалғыз арша», «Адасқақ», «Бурылтай», «Он саусақ» әндерін орындап берді.

Шараға қатысушылар «Біржан сал – қазақ ән-жырының шамшырағы» атты кітап көрмесін тамашалады.

Комментарии (0)