Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Жастар бизнестің қыр-сырын үйренуде

 Мына залға кәсіпкерлер мен жастар жиылған. Алғашқылары бизнестің бұралаң, қиын жолы жайлы айтуда. Солардың бірі жас кәсіпкер - Әсел Есжанова.

 

 

Ағылшын тілі пәнінің мұғаліміне оқыған нәзік жанды, Университетті аяқтап, 2010 жылы қалада «Лайт уэй» мектебін ашады. Әсел жолында кездескен талай қиындықтармен күресе жүре, ісін дамытқан. Қазір Петропавлда 2 мектеп жұмыс істейді. Келешекте тағы біреуін ашуды жоспарлаған. Өйткені ағылшыншаны үйренгісі келетіндер көп дейді ол. Шекспир тілі арқылы бизнесін дамытқан тағы бір жан - Эндрю Шэннон.

Эндрю Шэннон - Химия - биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:

- Мен Солтүстік Каролинаның жоғарғы оқу орнын бітірдім. Кейін магистр атанып, 2004 жылы Жапонияда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. Тренер, лектор болып талай елдерде қызмет атқардым. Қырғызстанда 2 жыл, ал қазір сіздердің қалаларыңызда еңбек етудемін. Әр жерде шетелдіктермен тілдескісі келетіндер көп. Оның үстіне, мен өз елімнің мәдениетін, тарихын өзгелерге айтамын. Содан жұрттың қызығушылығы оянады.

Мұндай кездесулер жастардың көңілінен шығып отыр. Олар тілді меңгеріп, білім алудың қаншалықты маңызды екендігін түсінген. Тағы бизнесті бастаудың қыр-сырын үйреніпті.

Ксения Сербина:

- Мұнда келген адамдар өз сырларын айтты. Ашық диалог болғаны қуантады. Көп нәрсені үйрендім. Тіпті түрлі идеялар пайда болды.

Елена Вдовченко:

- Мұнда ағылшын тілін шыңдауға мүмкіндік туды. Көптеген жандар осы тіл арқылы өз ісін дамытқан. Жалпы қызықты кездесу болды.

Алдағы уақытта мұндай кездесулерді жиі ұйымдастырып отыру жоспарланған.

Алимана Жанмұқанова - «Empowering talks» жобасының ұйымдастырушысы:

- Бүгін біздің компания ұйымдастырып отырған алғашқы кездесу. Енді әр сенбіде өткізуді көздеп отармыз. Оларға түрлі спикерлерді шақырып, жастарға бизнесті бастаудың қыр-сырын үйретеміз. Кәсіпкерлер өз жобалары жайлы айтып, мемлекеттік бағдарламалардан хабардар етеді. Өйткені өңіріміздің көп жастары оқуды аяқтап, мамандығы бойынша жұмыс таба алмай сенделеді. Ал бизнесті бастауға жүректері дауаламайды. Сондықтан осындай кездесулер пайдалы болмақ.

Кездесу С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ашылған ағылшын бұрышында өтті. Мұнда айына 1 мыңнан астам адам келеді екен. Олар тек кітап оқып қана қоймай, ағылша тілдесіп, сөздік қорларын байытады.


Магжан Ахмадина

Подробнее: http://mtrk.kz/kz/mtra-zhanalyktar/34-news-mtrk/21021-v-sk-projdut-vstrechi-predstavitelej-kampanii-qempowering-talksq-s-molodezhyu.html

Комментарии (0)