Ауылдағы қуаныш — Сайт ГУ ОУНБ имени Сабита Муканова
Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Ауылдағы қуаныш

27 декабря 2016 - Касенова Марал

 Өңір басшысы орталықтың бөлмелерін аралап көрді. Ерік Сұлтанов жаңа орталықтың кітапханасына кітаптар жиынтығын сыйғатартты.

Жаңа орталықтың залында облыс әкімі Қарақоға ауылдық ок-руғінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ерік Хамзаұлы ауыл тұрғындарын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады және егемендік жылдары өңіріміздің қол жеткізген негізгі әлеуметтік-экономикалық табыстарына тоқталды. Сонымен қатар облыс әкімі ауыл тұрғындарының өмір суруі үшін қолайлы жағдай жасау бірінші кезектегі міндет екендігін атап көр-сетті, өйткені, өңір халқының жартысынан астамы елді мекендерде тұрады.

- Сіздердің ауылдарыңызды абаттандыру ісіне "Ноғайбай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы сүбелі үлес қосуда. Үстіміздегі жылы агроқұрылым өз қаржысы есебінен ауыл көшелеріне асфальт төседі, электр шамдарын орнатты, әр үйге су тартып берді.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше назар аударылады, ауылда футбол алаңы жасалған. Жаңа демалыс орталығы ауыл өміріне тың өзгеріс әкелетініне сенімдімін. Жергілікті тұрғындардың, шаруашылық қызметкерлерінің жағдайларын жақсартуға инвестиция салу, қоғамды дамыту - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің басты міндеттері осындай болуы тиіс,- деді Ерік Сұлтанов.

Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге байланысты төрт ауыл тұрғынына облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен сегізіне Алғыс хаты тапсы-рылды.

- Біз ширек ғасыр бұрын Тәуелсіздікке қол жеткіздік, ел дамуында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі өлшеусіз. Біздің

ата-бабаларымыз бұл күнді ғасырлар бойы армандады. Қиын жылдары электр қуатының, судың, жолдың, техниканың тапшы болғанын өздеріңіз білесіздер.

Қазір Елбасының жүргізген сындарлы саясатының арқасында бәрі де бар. Бүгіндері ауыл шаруашылығы дамып келеді, жаңа техникалар сатып алынуда. Біз өз  кезегімізде ауылды абаттандырумен айналысып жүрміз, - деді "Ноғайбай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

АлтынбекСапаров.Жиын барысында ауыл тұрғындары да тілектерін жеткізіп, мерекемен құттықтады. Кездесу облыс орталығы шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. Суреттерді түсірген

Талғат Тәнібаев.
 

Комментарии (0)