Литературное наследие Кайыма Мухамедханова — Сайт ГУ ОУНБ имени Сабита Муканова
Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Литературное наследие Кайыма Мухамедханова

29 января 2016 - Садыкова А.

2016 жылдың 27 қаңтары күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында абайтанушы, жазушы, ғалым, әдебиеттанушы, драматург Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қайым Мұхамедхановтың әдеби мұрасы» атты әдеби кеш өтті. 

Шараны С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы Майра Әшімова жүргізді.

Шараға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының студенттері, оқытушылар, гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері, №18 Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейдің оқушылары мен мұғалімдері, «Қаламгер» клубының мүшелері, ақсақалдар, жалпы зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары қатысты.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Таласпаева Жанар Серкешқызы өз баяндамасында Қайым Мұхамедхановтың өскен ортасы, Абайтануға, Шәкәрімтануға сіңірген еңбегі, Мұхтар Әуезовпен қарым-қатынасы туралы айта келіп, шығармашылығына жан-жақты тоқталды, әсіресе абайтануға қосқан үлесі мол екенін, көптеген Абай туралы ғылыми еңбектердің авторы екенін, 1940 жылы ашылған Абайдың әдеби-мемориалдық музейін ұйымдастырудағы ғалымның еңбегі зор екенін, музейдегі экспонаттар мен ұлы ақын жайындағы естеліктердің, қолжазбалардың жиналуына да Қайым Мұхамедхановтың үлкен еңбек сіңіргенін тілге тиек етті, оның өзінің ұстазы болғанын мақтанышпен айтып, ол туралы естеліктерімен де бөлісті.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ- нің профессоры Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы да Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор екенін баса айтып, адамгершілік, патриоттық, отансүйгіштік қасиеттеріне тоқталды.

Белгілі ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әкімжанов Зейнолла Рамазанұлы Қайым Мұхамедхановты көзі тірі кезінде, өзі Алматыдағы Ғылым академиясында жұмыс істеп жүргенде көргені туралы естеліктерімен бөлісті. Оның драматургия саласына да көп еңбек сіңіргенін, «Майданнан майданға», «Комиссар Ғаббасов», «Ер Білісай», «Перне» атты пьесалардың авторы екенін, аударма саласында да көп еңбектері бар екенін тілге тиек етті.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының журналистика бөлімінің 1 курс студенті Мәметжан Мұрат Қайым Мұхамедхановқа арнап өзінің шығарған «Арнау» өлеңін және Қайым Мұхамедхановтың 1952 жылы Карлаг, Теміртау лагерлерінде айдауда жүргенде балаларына және жары Фархинурға арнап жазған «Балаларыма» атты өлеңін оқып берді.

Тіл және әдебиет институтының 2 курс студенттері - Жақсылық Жұлдызай Қайым Мұхамедхановтың «Алдымда ақын Абай - Темірқазық», Жұмабекова Шынарай «Сүйем Отан анамды» өлеңдерін оқып берді.

  

Шара барысында Қайым Мұхамедханов туралы слайд көрсетілді.

Шараға қатысқандар «Жазушы, ғалым, әдебиеттанушы, драматург» атты кітап көрмесін тамашалады.

 

Комментарии (0)