Вечер поэзии «Сөз асылын тізілдірген» — Сайт ГУ ОУНБ имени Сабита Муканова
Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Вечер поэзии «Сөз асылын тізілдірген»

7 июля 2016 - Садыкова А.

2016 жылдың 5 шілдесі күні С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада белгілі ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Әкімжановтың 65 жасқа толуына арналған «Сөз асылын тізілдірген» атты поэзия кеші өтті.

Шараны С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің кітапханашысы Гүлзада Марал жүргізді.

Шараға ақынның әріптестері, жерлестері, зиялы қауым өкілдері, жалпы әдебиет сүйер қауым, кітапхана оқырмандары қатысты.

Шара барысында сөз сөйлегендер: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің профессоры Тайшыбай Зарқын СыздықұлыЗейнолла Әкімжановтың шығармашылығымен жан –жақты таныстырып, оның дарынды ақын екендігіне, өлең жазу ерекшелігіне тоқталды.

Белгілі журналист, «Қызылжар нұры» газетінің тілшісі, әріптесі, жерлесі Қошан Қали Зейнолла Әкімжановпен 35 жыл бірге жұмыс істегені туралы әңгімелей келе, журналистік шеберлігі туралы айтты.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанындағы әдеби бірлестіктің ғылыми қызметкері Матвеева Ирина Алексеевна көптен шығармашылық байланыста екендігі туралы айта келіп, оның өзін Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке ұсынғанын, өлеңдерін орысшадан қазақ тіліне аударып, үнемі «Солтүстік Қазақстан» газетіне басып жүргені үшін алғысын білдірді.

Жерлесі Төлегенов Жапар Бәриұлы Зейнолла Әкімжановқа өзінің арнап шығарған өлеңін оқып берді.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің доценті, заң ғылымдарының кандидаты, «Ұрпақ» қазақ мәдени орталығының төрайымы Мұсабаева Гүлбақша НұрмұқанқызыЗейнолла Әкімжановты мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін арнап, сыйлығын ұсынды.

Әкімжанов Зейнолланың «Ауылым - Амангелдім» атты өлеңін С.Мұқанов атындағы қазақ сазды - драма театрының актері Аяхвай Дінмұхамеднақышына келтіріп оқып берді.

Әкімжанов Зейнолланың «Жеңешелер» атты өлеңін Қожаберген жырау атындағы № 6 мектептің оқушысы Тюлюбаев Нұрсұлтанмәнерлеп оқып берді. 
Мерейтой иесі Зейнолла Әкімжанов өзі де сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді және шараға қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Шараға жиналғандар «Өлеңнен маржан төгілткен» атты кітап көрмесін тамашалады.

Комментарии (0)